Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    144
  • Кеше
    392

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

“Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”

4046

“Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсы өз мәресіне жетті!

Іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің ТОП-100 студентінің ішінде Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 студенті бар.

Зекенова Диана Төлеубекқызы
Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып жатқан үздік студенттердің бірі. Ол – тек оқу озаты ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жас көшбасшы. Диананың жетістіктері мен марапаттары төмендегідей:
• “Елбасы медалі” қола медалі иегері;
• Республикалық “Ел үміті” премиясының лауреаты, 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақы иегері;
• Республикалық “Алтын түлек” төсбелгісінің иегері;
• Облыстық “Тәуелсіздік ұландары” төсбелгісі және 50 МРП көлеміндегі сыйақы иегері;
• Облыстық “Тәуелсіздік ұрпақтары” премиясының лауреаты, 500 000 теңге көлеміндегі сыйақы иегері;
• Облыстық “Мәшһүр Жүсіп” оқуларында – ІІІ орын иегері;
• Қалалық “Бұқар жырау” оқуларында – І орын иегері.

Қоғамдық белсенділігі:
• Ерікті;
• “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенді мүшесі.

Какимова Назлы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша бойынша 4-курс студенті. Ол оқу үдерісіне белсене қатысатын, нақты мақсаты мен жоғары жауапкершілігі бар студент. Назлы – өз саласында ғана емес, сонымен қатар спортта да үлкен жетістіктерге жеткен жан-жақты тұлға. Ол келесі жетістіктерімен ерекшеленеді:
• Спорттық акробатикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері;
• Облыстық “Тәуелсіздік ұландары” төсбелгісі мен 50 МРП көлеміндегі сыйақының иегері;
• Спорттық акробатикадан Ташкент қаласында өткен “Азия чемпионатының” 2-ші орын иегері;
• Спорттық акробатикадан Ташкент қаласында өткен халықаралық жарыстың 3-ші орын иегері;
• Алматы, Петропавл, Тараз, Павлодар қалаларында өткен республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері (1, 2, 3 орындар);
• Мәскеуде өткен халықаралық спорттық жарыстың қатысушысы.
Бос уақытында:
«Матрешки» би театрының тренері

Соңғы жаңалықтар

  • «Мен - кәсіпкермін»
    02 Қараша 2025 ж. 3515

    «Мен - кәсіпкермін» Гранд-турнирінің өңірлік кезеңі өтті.«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Петухова Ангелина (жетекшісі Е.С. Тлембаева, тарих пәнінің оқытушысы) «Білім, ақпарат және цифрлық технологиялар» бағытына қатысып, қорытындысы бойынша Республикалық кезеңге қатысушылар тізіміне енді. Елена Станиславовна мен Петухова...

  • «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025»
    02 Қараша 2025 ж. 2359

    «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» Республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындылары шығарылды.Конкурс педагогикалық идеялармен алмасу және функционалдық сауаттылықты дамыту алаңы болып табылады. Конкурс қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Гульмира Кабатаевна «Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз...

  • «Табиғат коды»
    31 Қазан 2025 ж. 4463

    2025 жылдың 30 қазанында колледжде биология және химия пәндерінен 1 курс студенттері арасында танымдық «Табиғат коды» квесті өтті. Студенттер бес станцияны аралап, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Әр аялдамада жасуша құрылымын анықтап, ағаштар мен құстрады анықтап, табиғи процестерді танып, молекулалар моделін...

  • «Scaffold карталары- сабақты жоспарлау құралы»
    31 Қазан 2025 ж. 4044

    2025 жылдың 29 қазанында «Жаратылыстану және қоғамдық пәндер» онкүндігі аясында «Информатика мұғалімі» мамандығының студенттеріне арналған «Scaffold карталары- сабақты жоспарлау құралы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.Модератор ретінде информатика пәнінің оқытушысы Тулкина Б.М. болды. Іс-шараның мақсаты — студенттерді Scaffold карталарының мазмұнымен, құрылымымен және оларды...

  • «Есенин. Новое прочтение»
    23 Қазан 2025 ж. 2445

    Колледжде ұлы орыс ақыны С.А. Есениннің 130 жылдығына арналған «Есенин. Новое прочтение» атты әдеби-музыкалық байқау өтті. Байқау 5 номинация бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберлігін, ақын әндерін орындаудағы вокалдық қабілеттерін, актерлік шеберліктерін, орындаушылық мәдениетін және креативтілігін көрсетті.Байқау жеңімпаздарына дипломдар...

  • “Әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесіндегі косплей”
    21 Қазан 2025 ж. 4266

    Колледжде “Әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесіндегі косплей” атты байқауы өтті. Байқауға «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1–4 курс студенттері қатысты.Мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, сүйікті әдеби кейіпкерлердің костюмдері мен образдарын жасау және көрсету арқылы өзіндік ойын білдіруге мүмкіндік беру. Байқау...