Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    303
  • Кеше
    402

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумы

1847

2024 жылғы 29 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын өткізді.
Форумға 250 жас педагог және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты.

Форум аясында 9 әдістемелік алаң ұйымдастырылды, тәжірибелі педагогтер «Педагогикалық табыстың кілттері», «Білім беру қарқындылығы: оқытуды үйрену», «Бастауыш мектепте жасанды интеллект технологиясын енгізу», «Кемел ұстаз – табысты мұғалім», «Білім беру сапасын арттыру механизмі ретінде білім алушыларды ынталандырудың жаңа тәсілдері», «Келешекке кемел біліммен:сын-қатерлер, бастамалар, мүмкіндіктер», «Педагогтің кәсіби дамуындағы өсу нүктелері», «Заманауи сабақ - тиімді және сапалы білім берудің негізі», «Сәтті сабақ-құрастырудан нәтижеге дейін» тақырыптарындақызықты тренингтер, пікірталас алаңдарын өткізді.

Форумның бағдарламасы болашақ педагогтерге командалық өзара іс-қимылдың бірегей тәжірибесін алуға, теориялық және практикалық біліммен алмасуға мүмкіндік берді. Жарқын эмоциялар, орасан зор энергетика, жаңа идеялар мен практикалық шешімдер – Павлодар облысының жас педагогтері форумының күнін осылай сипаттауға болады.

Соңғы жаңалықтар

  • "Пластикалық қақпақтар жинау" акциясы!
    17 Мамыр 2024 ж. 2209

    Бір ай бойы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық  колледжінде пластикалық қақпақтар жиналды. Барлық қатысушылар экологияны күтуге үлес қосу үшін бөтелке қақпақтарын әкеліп, акцияға белсенді қатысты. Барлығы 9,2 кг қақпақ жиналды. Бірлескен күш-жігердің арқасында  «КАУСТИК» АҚ  өңдеу кәсіпорнына  қақпақтар тапсырылды. Бұл пластикалық...

  • «Менің Пушкинім» тақырыбында әдеби-музыкалық конкурс
    16 Мамыр 2024 ж. 1983

    2024 жылғы мамырдың 16-сы күні колледжде орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің 225 жылдығына арналған «Менің Пушкинім» тақырыбында әдеби-музыкалық конкурс өтті. Конкурсқа қатысушылар мәнерлеп оқу, вокалдық қабілет, актерлік шеберліктерін көрсететін 4 номинация бойынша өнер көрсетті. Конкурс нәтижесі бойынша әділ қазылар...

  • «Қазақстанның тілегі – бейбітшілік!»
    30 Сәуір 2024 ж. 1726

    Қазақстан халықының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жатақханасында студенттер «Қазақстанның тілегі – бейбітшілік!» атты іс-шараны өткізді. Іс-шараның мақсаты: Жалпы адамзаттық құндылықтарға, қазақстандық қоғамның өмір сүру дәстүрлеріне сәйкес келетін жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерінің құндылық негіздерін...

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1883

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...