Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    7
  • Кеше
    305

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«X Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» ғылыми-практикалық қашықтық конференциясы

1891

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттерін оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату мақсатында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында 2024 жылғы 26 сәуір күні «XІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» ғылыми-практикалық қашықтық конференциясы өтті.

 

Конференцияға мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, интернаттық мекемелер мен жатақханалардың тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

 

Конференция алты бағыт бойынша педагогикалық оқулар форматында өткізілді. Секциялар жұмысы тәрбие мен білім беру саласындағы практикалық және инновациялық тәжірибемен алмасу алаңына айналды.

Конференцияға қазылар алқа мүшелері ретінде Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері, Өрлеу тренерлері, Педагогикалық шеберлік орталығы, Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскерлері, сондай-ақ колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды.

 

Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады. Конфернцияның барлық қатысушылары Сертификат алды, әр секция жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • "Пластикалық қақпақтар жинау" акциясы!
    17 Мамыр 2024 ж. 2209

    Бір ай бойы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық  колледжінде пластикалық қақпақтар жиналды. Барлық қатысушылар экологияны күтуге үлес қосу үшін бөтелке қақпақтарын әкеліп, акцияға белсенді қатысты. Барлығы 9,2 кг қақпақ жиналды. Бірлескен күш-жігердің арқасында  «КАУСТИК» АҚ  өңдеу кәсіпорнына  қақпақтар тапсырылды. Бұл пластикалық...

  • «Менің Пушкинім» тақырыбында әдеби-музыкалық конкурс
    16 Мамыр 2024 ж. 1983

    2024 жылғы мамырдың 16-сы күні колледжде орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің 225 жылдығына арналған «Менің Пушкинім» тақырыбында әдеби-музыкалық конкурс өтті. Конкурсқа қатысушылар мәнерлеп оқу, вокалдық қабілет, актерлік шеберліктерін көрсететін 4 номинация бойынша өнер көрсетті. Конкурс нәтижесі бойынша әділ қазылар...

  • «Қазақстанның тілегі – бейбітшілік!»
    30 Сәуір 2024 ж. 1726

    Қазақстан халықының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жатақханасында студенттер «Қазақстанның тілегі – бейбітшілік!» атты іс-шараны өткізді. Іс-шараның мақсаты: Жалпы адамзаттық құндылықтарға, қазақстандық қоғамның өмір сүру дәстүрлеріне сәйкес келетін жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерінің құндылық негіздерін...

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1884

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...